БЕЙНЕ ОЙЫН ЛОКАЛИЗАЦИЯСЫ

АУДАРМА ҚЫЗМЕТТЕРІ

Localsoft компаниясы бейне ойындар саласы үшін жоғары сапалы аударма қызметтерін ұсынады. Біз 1988 жылдан бері мыңдаған бейне ойындардың атауларын аудардық.

АУДИО ҚЫЗМЕТТЕР

Localsoft компаниясы кәсіпқой әрі өз ана тілінде сөйлейтін білікті аудармашылардың көмегімен әлемдік нарыққа арналған дубляждау және өнімді шығарғаннан кейінгі аудару қызметтерін ұсынады.

ТЕСТІЛЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Біздің тестілеу қызметтеріміз аударылған контенттің, атап айтқанда, мәтін, аудио, графика, кинематика, субтитрлер мен бір жақты нұсқаулардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

3500

БЕЙНЕ ОЙЫНҒА ЛОКАЛИЗАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

33

ЖЫЛ БИЗНЕСТЕ

3000

БЕЙНЕ ОЙЫН АУДАРМАШЫЛАРЫ

50

ТҮРЛІ ТІЛ

Аударма қызметтері

Localsoft компаниясы бейне ойын саласында 50-ден астам тілдерге профессионалды аударма қызметтерін ұсынады. Біздің аудармашыларымыздың барлығы жоғары деңгейлі сапамен қамтамасыз ету мақсатында мұқият тестілеуден өткен, білікті әрі таңдаулы мамандар болып табылады. Біздің аудармашыларымыз тек өздерінің ана тіліне аударады және барлық файлдар жіберілмес бұрын, екінші лингвистке міндетті түрде тексеруге беріледі. Біздің барлық аудармашыларымыз ойындарға әуестенген әрі ойынға қатысты соңғы терминология мен нұсқаулармен жіті таныс.

Бейне ойын локализациясы жөніндегі сарапшылар

Соңғы Microsoft, Nintendo және Sony нұсқаулары

Сапаны бақылау: ISO 9001 және EN15038 стандарттарына сай сертификатталған

1988 жылдан бері 3000-нан астап бейне ойын атауларына локализация жасалды

Ірі жобаларға арналған ресурстардың үлкен базасы

Субтитрлеу

Біз барлық негізгі платформалармен жұмыс істейміз

Аудио қызметтер

Localsoft компаниясы сіздің ойындарыңыз бен олардың халықаралық нарықтағы орнын нығайтатын үздік аудио қызметтер арқылы бейне ойындарға қызмет көрсетеді. Cіз Localsoft компаниясына жоғары сапалы нәтижелерге жету үшін келісілген мерзім бойынша көп тілдік дубляждау, сондай-ақ өніміңізді шығарғанға дейінгі және шығарғаннан кейінгі аудару жұмыстарын сеніп тапсыра аласыз.

Сценарийлерді аудару

Дауыстық бағыттау

Уақыт бойынша шектеу/бейне мен дыбысты синхрондау

Халықаралық дыбыс жазу студиялары

Бейнені дыбыстау

Халықаралық деңгейдегі дыбыстаушы мамандардың үлкен базасы

ТОЛЫҒЫРАҚ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН БІЗГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ

Тестілеу қызметтері

Қазіргі таңдағы әлемдік нарықта тестілеу қызметтері аса маңызды рөлге ие. Қате аудармалар, орфографиялық қателер, мәдени тұрғыда дұрыс жеткізбеу мәселелері, мәтіннің қабаттасуы немесе орағытылуы, дұрыс емес аудио және тағы басқалары ойыншының көңілін қалдырып, түптеп келгенде сатылым деңгейінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Localsoft компаниясы сіздің ойындарыңыздағы аударылған контенттерді түпкілікті сапамен қамтамасыз ету үшін, мұқият әрі жете тексерілетін локализациялық тестілеу қызметін ұсынады.
Локализациялық тестілеу

Аударма тілі өз ана тілі болып табылатын тестілеушілер

Құпиялылық

Қауіпсіз биометрлік тестілеу зертханалары

Бір жақты тестілеу жинақтары

100 орынға арналған (кеңейту мүмкіндігі бар)

Біз локализация жасаған кейбір ойындар

Біздің кейбір клиенттеріміз

БІЗДІҢ КЛИЕНТТЕРІМІЗДІҢ ПІКІРЛЕРІ

Localsoft туралы

Localsoft, S.L. — әлемдегі бейне ойын локализациясымен айналысатын алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі.

Мыңдаған ойынның локализациясын аяқтап бітірген біздің компаниямыз аудару, редактура жасау, баспаға дайындау, субтитрлеу, аудио және тестілеу қызметтерін қамтитын ойындарға арналған премиум санаттағы локализация қызметтерін ұсынады. Біз компания жұмысын мақтан тұтамыз және қызмет көрсету сапасының ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге кепілдік береміз.

Біз орта және үлкен көлемдегі жобаларға маманданғанбыз және сіздің арнайы талаптарыңызға сай жоба топтарын тағайындаймыз.

Localsoft сіздің локализацияға қатысты барлық қажеттіліктеріңізге бір шешімдер жинағын ұсынады. Жобаларыңыз уақтылы, қаражат сметасын арттырмай, жоғары деңгейлі сапамен және құпиялылықпен жеткізілетініне күмәнданбасаңыз болады.

Байланыс ақпараты

Төменде берілген мәліметтерді пайдаланып, бізге хабарласыңыз немесе тапсырыстың нақты бағасы туралы тегін білу үшін сұрау жолдау формасын толтырыңыз.

Электрондық пошта

Бізге info@localsoft.com мекенжайына электрондық хат жолдай аласыз

Телефон

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, +34 952 028 080 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Мекенжай:

Localsoft, S.L.
Calle Marie Curie, 5
29590 Málaga
Испания

Сұрау жолдау формасы

  • Max. file size: 256 MB.
  • This field is for validation purposes and should be left unchanged.